Қарымды қарекет өңірді өріске бастайды
Қарымды қарекет өңірді өріске бастайды
«AMANAT» партиясы алдағы бес жылдықта Жетісу өңірінде ауқымды бастамалардың жүзеге асуына мұрындық болмақ. Нақты айтқанда, жыл сайын 58 мектепті жаңғыртудан өткізбек. Мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ. 3000 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасы баспанаға қол жеткізбек. Міне, осындай жаңашылдықтар жайын Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде тілшілер қосынымен кездесу барысында партияның Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Арыстанғали Арын сөз етті.
«Журналистер қай кезде де елдіктің, мемлекетшілдіктің тұғырында сөз қозғап жүреді ғой. Осы орайда «AMANAT» партиясының да көксегені - мемлекет мүддесі. Нақ істер партиясының бесжылдық жоспарын таныстыру мақсатында өңірдің қаламгерлерімен тілдесуді жөн деп таптық. Партиямыз өңірдің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерін жұмсайды. Мемлекет басшысы өңірге сапары барысында Жетісу – қант қызылшасын егу бойынша жетекші аймақ болуы керегін нығырлай тапсырды. Осы ретте партиямыз өңірдегі қант қызылшасы алқабын 2027 жылға қарай 12 мың гектарға жеткізуді көздеп отыр. Мұнан өзге өңірдегі 200-ден астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 1000 шақырымға жуық инфрақұрлым қайта жаңғыртудан өтеді. 100-ге жуық медицина нысаны салынады. Мұның бәрі құр сөз, құрғақ уәде емес. Халықтың аманаты. Халыққа жағдай жасау партияның басты міндеті», - деді Арыстанғали Арын.
Кездесу барысында тілшілер тарапынан өңір үшін өзекті мәселелер қозғалды. Жол сапасы, жастардың баспана алу мүмкіндігі турасындағы сұрақтар қойылды. Әрине, мұндай мәселелердің шешімі «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасында (https://amanat2023.kz/kk?utm_source=jetisu&utm_medium=jetisu&utm_campaign=jetisu) нығырлай айтылған. Спикер мұны да қадап айтты. Өңірдің әлеуетті болмағын қалайтын журналистер 19-наурызда сайлаудан қалыс қалмай, тағдыршешті сәтте дұрыс таңдау жасайтынын жеткізді.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді