Жаңалықтар

Петропавл қаласының №2 түзету мектеп-интернатында үгіт-насихат кездесуі өтті

ашық дереккөзі

Петропавл қаласының №2 түзету мектеп-интернатында үгіт-насихат кездесуі өтті

Үгіт-насихат науқаны аясында партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Владимир Эрман мен Уәлихан Жылысбаев №2 түзету мектеп-интернатының ұжымымен кездесті. Партиялықтар «AMANAT-тың» Петропавлда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп салу жөніндегі жоспары туралы айтып берді. Сондай-ақ қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жағдай жасау туралы әңгімелесті. «Қазір қалада «Интерактивті қолжетімділік картасына» енгізілген 311 нысанның 180-і немесе 57,8%-ы біз үшін қолжетімді. Сондықтан партия бірінші кезекте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеуге жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті Владимир Эрман. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.