Жаңалықтар

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 ойындарының еріктілері

ашық дереккөзі

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 ойындарының еріктілері

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 ойындарының еріктілері аталмыш спорттық жобаға не үшін келгендіктері жөнінде және үйлестіруші жұмысының жай-жапсары жайлы баяндады.

Оның ішінде ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Аружан Құрұмбаева да бар. Ол Универсиада ойындарында делегацияға көмек көрсету жұмыстарына қатыспақ. Сонымен қатар, Универсиадада еріктілерінің үйлестірушісі болады.

Аружан Құрұмбаева: "Менің міндетім- аптасына 7 күн 24 сағат делегаттарды алып жүретін атташе жұмысын үйлестіру. Көмек көрсетушілердің ішінде 300 ерікті, 6 үйлестіруші болады. Барлық делегат, жаттықтырушылармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін мұндағы басты қағида - сыпайы, ашық-жарқын болу, сондай-ақ, өзгелерге қол ұшын бере білу қажет"

Оның айтуынша бір командаға екі волонтер ғана беріледі. Ал барлығының көңілінен шығу бізге маңызды және ойын барысында туындайтын мәселелер де көп деседі. Дегенмен, қаншама жыл ерікті болып жүрген тәжірибелі студентке бұл аса қиындық тудырмаса керек.

«Менің алғашқы тәжірибем «Алматының 1000 жылдығына 1000 игі іс» жобасы мен Республикалық Универсиада ойындарынан басталды. Қазір менің қоржынымда түрлі көлемдегі 40-50-дей шара бар, ал Универсиада ең ірі жоба болайын деп тұр», - деп өз әсерімен бөлісті Аружан.

Дана Байғожина, ҚазҰУ оқтушысы