Қыстың соңғы күні елімізде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашын жаумайды.
Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
Елдің солтүстігінде бұрқасын соғады.
Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.