Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді (ВИДЕО)

Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді (ВИДЕО)

Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болып, қираған үйінділер астынан 32 адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Елдің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезердің сөзінше, жерасты дүмпулерінен 29 тұрғын үй құлаған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 110 тұрғын жарақат алды. Жер сілкінісінен қираған екі үйдің үйіндісі астынан адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда және оған 657 адам жұмылдырылған.
«Апат аймағында тұратын барлық азаматтың ұялы телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Жер ара-тұра сілкініп жатыр, зақымданған үйлер құлауы мүмкін», - деді ол.