Маңғыстау облысының халқы автобуста тегін жүреді

Маңғыстау облысының халқы автобуста тегін жүреді

Маңғыстау облысының халқы автобуста тегін жүреді
ашық дереккөзі
Маңғыстауда 24 мың адам қоғамдық көлікпен тегін қатынайды. Азаматтар ақысыз жүру куәлігін 12 санат бойынша алды деп хабарлады turkystan.kz. Тұрғындарға берілетін жеңілдік пен автобус санын көбейту жұмысы жалғасуда. Халықтың бұл қажеттілігін өтеу үшін жыл соңына дейін аймаққа 120 жаңа автобус әкелу жоспарланып отыр. «120 автобустың 70-і осы Ақтау қаласының ішіне, қалған 50-і ауданаралық маршруттарға қатынайды деп жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласын толық қамтамасыз етеміз, ал аудандарды 80 пайызға жеткіземіз деген мақсат бар», - дейді Маңғыстау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев. Жалпы, Ақтаудағы автобустарда жолаушылар 12 санат бойынша тегін жүреді. Соның алты санатындағы тұрғындар қалалық тасымалдаушылардың есебінен жүреді. Тағы алтауының шығынын өтеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Тегін жүретіндер қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы аналар, шаһардың құрметті азаматтары, соғыс және тыл ардагерлері бар.