Елімізде сары май өндірісі төмендеді

Елімізде сары май өндірісі төмендеді

Елімізде сары май өндірісі төмендеді
ашық дереккөзі
Қазақстанда сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3% төмендеді деп хабарлады turkystan.kz. Осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілген. Ұлттық статбюро мәлім еткендей, экспорт 16,7%-ға төмендеген. Өткен жылдың 12 айында шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылды. Өз кезегінде импорт 49,2%-ға өскен, 2022 жылы 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9%-ды құрады. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.