Бразилиядағы көшкін салдарынан 65 адам мерт болды

Бразилиядағы көшкін салдарынан 65 адам мерт болды

Бразилиядағы көшкін салдарынан 65 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Сан-Паулу штатының жағалауында нөсер жаңбыр су тасқыны мен көшкінге ұласып, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны бір аптада 65 адамға жетті деп хабарлады turkystan.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы жергілікті билік мәлім етті. Құрбан болғандар арасында кәмелетке толмаған 19 бала бар. Әскери бөлімшелер, өрт сөндірушілер, еріктілер мен құтқарушылар қаза болғандардың денелерін шығару және жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарымен айналысуда. Зардап шеккендердің көпшілігі - Сан-Себастьяндағы Барра-ду-Саси жағажайына жақын Сьерра-де-Мар тау жотасының баурайындағы қауіпті аймақтардағы кедей аудандардың тұрғындары. Көшкіннің қайталану қаупіне байланысты баспанасынан айырылған 2440-қа жуық адам эвакуацияланды. 19 ақпанда жағалаудағы Бертиога, Карагуататуба, Гуаружа, Ильябела, Сан-Себастьян және Убатуба қалаларында тәуліктен аз уақыт ішінде Бразилияда рекордтық деңгейде жаңбыр жауды. Бразилияның Интеграция және аймақтық даму министрлігінің мәліметінше, апат қаупі бар 14 мың аймақта 4 млн-ға жуық адам тұрып жатыр.