Жаңалықтар

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

ашық дереккөзі

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Қазақстан мергендер құрамасы Кувейтте өткен халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  Кувейтте екі ірі стендтік ату жарысы – Азия Кубогы және «Кувейт Гран-приі» басталған болатын. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы келді. Қазақстан атынан 28 мерген бақ сынап жатыр. Олар екі турнирде де ерекшеленіп, барлығы 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 4 күміс және 3 қола.