Жаңалықтар

«AMANAT»: Сайрам ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

ашық дереккөзі

«AMANAT»: Сайрам ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған сенімді өкілдер Сайрам ауданына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар алдымен сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында Әйтеке би елді мекенінің аумағындағы «Kaspy Construktion» ЖШС ұжымымен кездесті. Ауыл шаруашылығы техникалары мен өнімдерін өндіретін кәсіпорын қызметкерлеріне партия атқарып жатқан жұмыстар таныстырылды. Кейін штаб мүшелері Сайрам ауданындағы отандық өнім шығаратын «Алтын адам» тігін фабрикасында болды. Сайрам ауданындағы ел аналары және іскер әйелдермен жүздесті. Жиын барысында түрлі саладағы мәселелерді жою мақсатында партия тарапынан атқарылатын жұмыстар баяндалып, ауқымды жобалар түсіндірілді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында штаб өкілдері аудан аумағындағы "MANKENT” медициналық орталығының қызметкерлері және емделушілермен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Штаб мүшелері алдағы уақытта елімізде денсаулық сақтау саласында көптеген жобалар жүзеге асырылатынын мәлім етті. Облыста 2021-2022 жылдары 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал еттік. Ал, алдағы 5 жылда өңірде тұрақты жұмыс орындарын көбейту және облыс экономикасын көтеру мақсатында шамамен 143 мың жаңа жұмыс орнын құратын инвестициялық жобаларды іске асыруға атсалысамыз. Оның ішінде кеңсе жиһаздарын өндіру, газобетон өндіру, тауарлық бетон конструкцияларын өндіру, цемент өндіретін химиялық зауыт, мұнай өңдеу зауыты, фосфорит өңдеу зауыты секілді ірі жобалар бар, - деді штаб мүшелері.