Елордада ат спортынан «Арғымақ» ашық кубогы өтті
Елордада ат спортынан «Арғымақ» ашық кубогы өтті
Астанада ат спортының конкур түрінен «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің кубогы өтті деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш жарыс Астана қаласында 2022 жылы жаңадан ашылған «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің жүлдесі үшін ұйымдастырылды.
Айта кетейік іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтті.