Маңғыстау облысында алдағы уақытта 6 су тұщыту зауыты салынады

Маңғыстау облысында алдағы уақытта 6 су тұщыту зауыты салынады

Маңғыстау облысында алдағы уақытта 6 су тұщыту зауыты салынады
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Анар Шамшадинова, Раушан Аймурзаева, Жанболат Тангиев, Бердіқожа Боранбаев облыс орталығында орналасқан Meсhta дүкенінің ұжымымен кездесті. Үміткерлер жиналған қызметкерлерге «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ондағы маңызды басымдықтарды атап өтті. Сонымен қатар жиынға қатысушылардың арыз-шағымдарын тыңдады.  width= Өз кезегінде Мұнайлы ауданының тұрғыны - ұжымдағы қызметкер аталған аудандағы мәселелерді атап өтті. Мұнайлыдағы медициналық қызметтің ақсап тұрғанын, жаз мезгілінде ауыз су тапшылығын, көше жолдарының тарлығын және асфальт төселмегендігін тілге тиек етті. Мұнайлы ауданында ғана емес, облыс көлемінде ауыз су тапшылығы бар, әсіресе, жаз айларында қатты байқалады. Бұл мәселе облыстық «AMANAT» партиясының назарында.
«Бұл мәселе облыс бойынша өзекті. Бүгінгі таңда өңірдің ауыз су тапшылығы тәулігіне 52 мың текше метрді құрайды. Сондықтан біздің партияның өңірдің өзекті мәселелерін ескере отырып жасалған сайлауалды бағдарламасында су тапшылығының нақты шешу жолдары қарастырылған. Алдағы 5 жылдың ішінде қуаттылығы тәулігіне 136 мың  текше метр болатын 6 су тұщыту зауытының құрылысын салу жоспарда бар. Нәтижесінде халық үздіксіз сумен толық қамтамасыз етілетін болады»,- деді үміткер Анар Шамшадинова.
Сонымен қатар бүгінде облыстағы ауылішілік жолдардың 68,6%-ы тозып тұр. Сондықтан партия 2027 жылға дейін Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында және Жаңаөзен қаласында кемінде 600 шақырым кентішілік және қалалық жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
«Аталған жұмыстардың нәтижесінде тозығы жеткен кентішілік жолдардың үлесі 59,3%-ға дейін, қалалық жолдар үлесі 23%-дан 13,6%- ға дейін төмендейтін болады», - деді кандидат Бердіқожа Боранбаев.
 width= Meсhta дүкенінің қызметкерлері кездесуде айтылған сайлауалды бағдарламаның маңызын түсініп, алдағы атқарылатын жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар осы жолғы сайлаудың салмақтылығын ескеріп, өз таңдауларын жасайтынын жеткізді. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.