Алматы облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды

Алматы облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды

Алматы облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылдық орта мектебінде ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды деп хабарлады turkystan.kz. Кабинетті мектеп ұстаздары демеушісіз өздері ашқан. Оның дизайнын еңбек пәнінің мұғалімі жасаған. Қазақ тілі кабинетінің ашылу салтанатына институт мамандары шақырылды. Айта кетсек, мектеп ұжымы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен дерекқор пайдалану және оқушыларға ғылыми зерттеу бойынша бағыт беру жөнінде меморандумға қол қойған.