Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының кандидаттары Железин, Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының кандидаттары Железин, Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті мәжілісі депутаттығына үміткер Анатолий Бойчин сайлауалды үгіт-насихат жұмысымен Ақтоғай ауданына барды. Алғашқы кездесуді Ақжол ауылында өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Кездесуге «AMANAT» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихаттарға аттарын ұсынған үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері қатысты. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге қатысты көп мәселе көтерілген. Мәселен, алдағы бес жылда кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құруға қол жеткізу, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу, жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өткізу жоспарлары қойылған. «AMANAT» партиясы шекарада орналасқан ауылдардың мәселелерін шешуге күш салады. Әр ауылда, тіпті шекарада жатқан, шалғай және жету қиын ауылдарда да интернет болуы керек. Сондықтан қазақстандық байланыс спутниктерінің көмегімен елдің 500 шекаралас, шалғай және жету қиын ауылын интернетпен қамтамасыз ету көзделген. «Ауыл шаруашылығымен және онымен байланысты салалармен айналысатын жұмысшы, кәсіпкерлер елдің алдыңғы қатарлы экономикалық активіне айналуы керек. Біз жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қостық. Үкіметтің 2027 жылдың соңына дейін агроөнеркәсіптік кешендерді кемінде 500 миллиард теңге сомаға қаржыландыра отырып, 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруын қадағалаймыз», - делінген бағдарламада. Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.