Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 25 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Дегенмен, 32 жылқыны қағып кетті.
«Пойыздың тұрағы 50 минутты құрады. Жылқылардың иесі Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.