Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Абай облысына келді. Семей қаласында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып, қала тұрғындарымен сөйлесті. Тұрғындар ТКШ, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сияқты, басқа да мәселелерді көтерді. Осы күні штаб мүшелері Семейдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен және қала белсенділерімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және МИБ-ті (Мүлік иелерінің бірлестігі) енгізу мәселелерін талқылады.