Жаңалықтар

Елімізде туристер ең көп баратын 5 мекен

ашық дереккөзі

Елімізде туристер ең көп баратын 5 мекен

Өткен жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның туристер арасында танымал 5 жерін атады деп жазды turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап. 5-орын: Шарын шатқалы. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған. 4-орын: Баянауыл. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған. 3-орын: Көлсай көлдері. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады. 2-орын: Бурабай. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Мұнда 550 мыңнан астам адам келген. 1-орын: Іле Алатауы. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.