Ұлттық банк басшысы несие алатындарға кеңес берді

Ұлттық банк басшысы несие алатындарға кеңес берді

Ұлттық банк басшысы несие алатындарға кеңес берді
ашық дереккөзі
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов халыққа жаңа несие алар кезде мұқият ойлануға кеңес берді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Базалық мөлшерлеменің көлеміне арналған брифингіде Ұлттық банк төрағасына несиелердің пайызы өсіп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Ғалымжан Пірматов біздің экономиканың жағдайында бұл заңдылық үнемі орындала бермейтінін еске салды.
«Базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдаған кезде біз бүкіл деректер мен тәуекелдерді тыңғылықты сараптаймыз. Әрине, біз базалық мөлшерлемені көтеру несиенің пайыздық мөлшерлемелерін көтеріп кететінін түсінеміз. Бірақ біздің жағдайда, біздің экономиканы ескерсек, мұндай ықтималдық кейде сәйкеспей жатады. Біріншіден, несие беру деректерінен кредитке деген сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Біз келіп түскен деректерден тұтыну несиелері де өсіп жатқанын көріп отырмыз. Екінші деңгейдегі банктер түрлі сипаттағы ациялар өткізіп жатыр. Пайыздық мөлшерлемесі 0 пайыз, бөліп төлеуге болатын бағдарламалар өте танымал болып алды. Сондықтан былтыр да, биыл да біздің шешімдер несиелердің пайыздық мөлшерлемесін көтеріліп кетпегенін көріп отырмыз», – деді ол.
Оның мәліметіне қарағанда, шағын және орта бизнеске несие беру көлемі де артып келеді.
«Халық бұрын алып қойған несиелердің пайыздық мөлшерлемесі базалық мөлшерлеме көтерілген кезде көтерілмейді. Бұрынғы несиені жауып, жаңасын алса, сол кезде ғана көтерілген пайыздық мөлшерлемемен несие рәсімдейді. Сондықтан мен несие алу деген өте жауапты іс болғандықтан өте ұқыппен қарап, өз мүмкіндіктеріңізді таразылап барып шешім қабылдауға кеңес берер едім. Әзірге біз базалық мөлшерлемені айтарлықтай жоғары көтергенімізге қарамастан, несиелердің пайыздық мөлшерлемесі сол деңгейде өсіп жатпағанын көріп отырмыз», – деді Ғалымжан Пірматов.