Қазақстанда түркиялықтарға көмектесу үшін $10 млн қаражат жиналды
Қазақстанда түркиялықтарға көмектесу үшін $10 млн қаражат жиналды
Бүгінгі таңда Қазақстанда Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар (188,7 миллион түрік лирасы) түсті. Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына (AFAD) аударылады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар сомасы түскен.
«Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады», - делінген хабарламада.