Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
27 қаңтарда қайтыс болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.