Қазақстаннан бір ғана боксшы Страндж кубогының финалына өтті

Қазақстаннан бір ғана боксшы Страндж кубогының финалына өтті

Қазақстаннан бір ғана боксшы Страндж кубогының финалына өтті
ашық дереккөзі
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде ширек финалда қазақстандық Оразбек Асылқұлов қарсыласынан басым түсті деп хабарлады turkystan.kz sports.kz ресурсына сілтеме жасап. Осылайша, халықаралық турнирдің финалында Қазақстанның ерлер құрамасынан бір ғана спортшы сынға түседі. Жартылай финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов армян спортшысы Артур Базеянды 3:2 есебімен жеңді. Асылқұлов турнирде финалға жеткен жалғыз қазақстандық боксшы болды.