Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды

Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды

Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Отандасымыз Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақстанның тағы бір жарқын жеңісі! Отандасымыз Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды. Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен күншығыс елінен қатысқан қарсыластарынан озық шықты», - деп жазды Асхат Оралов.
Министр мәлім еткендей, жарысқа әлемнің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысқан, оның 99-ы – жігіт және 81-і – қыз.
«Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard-тан басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сондай-ақ, біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисі – жапондық Shigekix-ті жеңді. Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және барлық қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сондай-ақ чемпионымызға қарқынын үдетпей 2024 жылғы Олипиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін», - дейді министр.
Ведомство басшысы брейкданс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болатыны атап өткен.