Индерде қаламгер Жанай Амантурлиннің шығармашылық кеші өтті

Индерде қаламгер Жанай Амантурлиннің шығармашылық кеші өтті

Индерде қаламгер Жанай Амантурлиннің шығармашылық кеші өтті
ашық дереккөзі
Индер аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Dender» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлиннің 50 жасқа толуына арналған «Даладан дарын дарыған» атты шығармашылық кеші өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шығармашылық кеш «Ақжайық» халық театры дайындаған сахналық қойылыммен басталып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған бейне фильммен жалғасты. Аудан әкімі Д.Шамұратов мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.  width= Сонымен қатар шығармашылық кешке көршілес өңірлерден ақын-жазушылар, қаламгерлер, ақпарат саласының ардагерлері мен руханият өкілдері қатысты. Сондай-ақ аталмыш кеш аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Белгілі журналист кеш соңында Индер жұртшылығына алғысын білдіріп, «Атаралдан ауған көш» атты жаңа кітабының шығу тарихын айтып, тұсау кесу рәсімін өткізді.  width=