Жаңалықтар

Индерде қаламгер Жанай Амантурлиннің шығармашылық кеші өтті

ашық дереккөзі

Индерде қаламгер Жанай Амантурлиннің шығармашылық кеші өтті

Индер аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Dender» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлиннің 50 жасқа толуына арналған «Даладан дарын дарыған» атты шығармашылық кеші өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шығармашылық кеш «Ақжайық» халық театры дайындаған сахналық қойылыммен басталып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған бейне фильммен жалғасты. Аудан әкімі Д.Шамұратов мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.