Жаңалықтар

Сіңлісіне қолдау білдірген қыздың әрекеті көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Сіңлісіне қолдау білдірген қыздың әрекеті көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Ақтауда өткен жарыстардың бірінде дзюдошы сіңлісіне көмектесіп, ерекше айла-тәсілдерді көрсеткен жеткіншек қыздың әрекеті жұртты сүйсіндірді. Әпке мен сіңлі арасындағы бауырмалдық сезімді айқын байқатқан видео TikTok желісінде тарап, көпшіліктің ізгі ілтипатына бөленді деп жазды turkystan.kzMassaget.kz порталына сілтеме жасап. Жас дзюдошы қыздардың есімі – Зульфия және Мәдина Әбуғали. Мәдина татамиге шыққанда әпкесі Зульфия барынша қолдап, әдіс-тәсілін үйретіп, кимоносын түзеп, зор қолдау көрсетеді. Әпке қолдауынан күш алған Мәдина қарсыласын айқын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанған. @nurlan.musaev.084 #хит #қызғалдақтарым #АллаҰлық ♬ оригинальный звук - Нұрлан Мұсаев Әбуғалиұлы Әпке мен сіңлі арасындағы қамқорлық пен қолдау, бауырмалдық сезім отбасындағы тәлім-тәрбиеге де байланысты. Қыздардың әкесі – елімізге белгілі айтыскер ақын, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Нұрлан Әбуғалиұлы Мұсаев, ал анасы ағылшын тілі пәні мұғалімі.