Алматыда жаңа туған нәрестенің бауырынан жарты келі ісік алынды

25 ақпан, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Алматыда жаңа туған нәрестенің бауырынан жарты келі ісік алынды Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалып, сәбидің бауырындағы жарты келі ісік алынды. Күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған деп хабарлады turkystan.kz «Алматы» арнасына сілтеме жасап.
«3 ақпан күні 3 күндік нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада «оң жақ бауырдың туабітті түзілісі» диагнозы қойылған», – деді педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонатальды хирургі Қанат Әшірбай.
Айта кетейік, нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығы жақсы.