Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді
Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді
Түркияның Бингёл қаласында жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия Үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасына (AFAD) Бингёлде жер дүмпуі болғанын хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда Бингёль провинциясының Солхан ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 03:28-де магнитудасы 4,4 жер сілкінісі тіркелген.
Зілзала ошағы 14 шақырым тереңдікте болған.