Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Маңғыстаудың 20 мыңға жуық тұрғыны әлеуметтік желіде 36 заңсыз қаржы пирамидасына тіркелген. Экономикалық тергеу департаменті өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғады деп хабарлады turkystan.kz. Кейбір қаржы пирамидасы өзін халықаралық компанияның филиалы ретінде көрсетіп, әділет органдарында тіркеусіз жұмыс істеген. Мысалы World Business Consulting қаржы пирамидасының жұмыс схемасы «50-ден 50-ге» бағдарламасы бойынша ақша салудан тұрған. Алаяқтық жолмен салымшылар мен «Еуразия Капитал» микроқаржы ұйымы» ЖШС арасында жалған шарттар жасалған. Онда қаржылық пирамида ұйымдастырушысы ай сайын берілген қарыз бойынша әрбір шарттан пайыздық үстемемақы алған. Іс шеңберінде жалпы құны 651 млн теңгені құрайтын мүлік бұғатталды. «Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр. «Атамекен 2021» басшылығына қатысты іс бойынша Г.Шагироваға 28 адам шағым білдіріп, салымның жалпы сомасы 48 млн теңгені құрады. Іс барысында салымшыларға 44 млн теңге өтелді» - деді Маңғыстау облысы экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Берді Қуанышұлы.