Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көше ашылды

Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көше ашылды

Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көше ашылды
ашық дереккөзі
Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орай ұйымдастырылған. Салтанатты іс-шараның ашылуына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан астанасында көрнекті қолбасшының есімін мәңгілікке қалдыру туралы шешім қабылданғанын, жан-жақты талдаудан кейін таңдау Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге түскенін жеткізді. Бұл – ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше.  width=
«Осындай ауқымды шарамен біз Сұлтан Бейбарыстың мерейтойын атап өтіп қана қоймай, бүкіл түркі тарихы үшін маңызы зор тұлғаға құрмет көрсетеміз. Біз жас ұрпақты ұлы қайраткермен таныстырамыз. Бейбарыс сұлтан есімін халық жадында мәңгі сақтаймыз», - деді министр.
Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шаралар мұнымен бітпейді. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі атаулы күнге орай спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар өткізуді жоспарлап отыр.  width=

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ