Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көше ашылды
Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көше ашылды
Астанада Бейбарыс Сұлтан атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Салтанатты іс-шараның ашылуына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан астанасында көрнекті қолбасшының есімін мәңгілікке қалдыру туралы шешім қабылданғанын, жан-жақты талдаудан кейін таңдау Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге түскенін жеткізді. Бұл – ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше.
Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ