Жаңалықтар

Ғани Бейсенбаев Абай университетінің ұжымымен кездесті

ашық дереккөзі

Ғани Бейсенбаев Абай университетінің ұжымымен кездесті

2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев Абай университетінің ұжымымен кездесті. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу қызметімен, сондай-ақ жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Мектептермен байланысты нығайту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, жаңа буынмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында министр қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік брендке айналдыру, педагогикалық білім беру тұжырымдамасының құндылығын арттыру, мұғалімдердің мықты базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру, жас мұғалімдер қатарынан мықты кадрлар даярлау, жоғары педагогикалық этикасы бар мамандарды қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, мектептер мен республикалық кітапханалар үшін жағдай жасау мәселелеріне назар аударды. Кітапханаларға жағдай жасау және оларды ғылыми-педагогикалық, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, білім беру бағдарламалары мен стандарттарына тиімді инновацияларды енгізу, әдістемелік ұсынымдар, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, мектеп оқулықтарының авторларына қойылатын талаптар бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.