Жаңалықтар

Мектеп ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

ашық дереккөзі

Мектеп ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрлан Айманов Петропавл қаласының №4 мектебінің ұжымымен кездесті. «AMANAT» өкілі партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. «Білім беру сапасын жақсарту үшін біз Петропавл қаласында «Копай», «Жас Өркен», «Орман» және «Береке» шағынаудандарындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салуға ұмтылатын боламыз. Сондай-ақ барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», - деді Нұрлан Айманов. Соңдай-ақ кандидат кездесуге қатысушыларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары туралы айтып берді.