Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі таратумен айналысқан

Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі таратумен айналысқан

Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі таратумен айналысқан
ашық дереккөзі
Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі таратумен айналысқан деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты материалдарды сотқа жіберді. Ол 2022 жылдың қазан айында такси көлігінде келе жатқан жерінен ұсталды. Автокөліктен кристалл тәрізді зат салынған 40 түйіншек тәркіленді. Ол «тұз» деп аталатын синтетикалық препарат болып шықты. Жалпы салмағы 20 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Тағы 0,5 грамм «тұз» салынған бір түйіншек тұрғылықты мекенжайынан тәркіленді.
«Тергеу қыздың есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірімен байланысын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.