Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Шығыс Қазақстан облысына келді. Зайсан қаласында штаб мүшелері аудандық көпсалалы аурухана ұжымымен кездесіп, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту шараларын талқылады.