Қоңқабаевтың неліктен Жалоловпен жекпе-жекке шықпағаны белгілі болды
Қоңқабаевтың неліктен Жалоловпен жекпе-жекке шықпағаны белгілі болды
Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың Страндж кубогындағы жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Страндж рингіне шықпады.⠀
Айта кетейік, 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді.
Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен, денсаулығын ойлауы қажет», – делінген хабарламада.