«Алматыметроқұрылыс» АҚ 8 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған ба?

«Алматыметроқұрылыс» тағы да қаржы дауының ортасында қалды. Жетісу көліктік прокуратурасының мәліметіне сәйкес, былтырғы жылғы тексеру кезінде қомақты көлемде қаражат қымқырылуы анықталған. Деректер тергеу органдарына берілді, деп хабарлады «Спутник-Қазақстан» агенттігі.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ қызметін тексеру нәтижесінде сатып алынған тауар-материалдық құндылықтар көлемін арттыру арқылы  7,7 миллиард теңгеден артық соманың қымқырылғандығы анықталды. Бұл дерек бойынша мемлекеттік кірістер органдары сот алды тергеу жүргізуде», — делінген прокуратура хабарламасында. Агенттік Қазақстан ҚР Бас көліктік прокуратурасына мәліметтерді нақтылау үшін сауал жолдағанымен, хат Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметіне жөнелтіліп, ол жерден тергеу жұмысының жалғасып жатқандығы туралы жауап келген.

Back to top button