Алина Кан: Кейде ұлтым неміс екенін ұмытып кетемін

Алина Кан: Кейде ұлтым неміс екенін ұмытып кетемін

Алина Кан: Кейде ұлтым неміс екенін ұмытып кетемін
ашық дереккөзі
TikTok желісіндегі жеке парақшасына «Қазақ тілін насихаттаушы» деп жазып қойған Алина Канға қызықпайтын адам жоқ. Қазақ тілін қарапайым әрі қызықты жолмен қалай үйренуге болатыны туралы баяндайтын Алинаның видеоларының әрбірі екі миллионға жуық қаралым жинайды. Мамандығы мұғалім болмаса да, мұғалімнен кем түспейтін оған желі қолданушылары «Мұғалім болса, осындай болсын!», «Сіздің видеоңызды көргеннен кейін қазақша үйренбегенім болмас» дегендей пікірлер жазып жатыр. Қазақ тілін 4 жасынан бастап үйрене бастаған Алина 24 жасында «Менің елім – менің тілім» республикалық қозғалысының бастамасымен ашылған «Сөйле» клубында қазақ тілін тегін үйретеді. 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында қазақ тілін әлемдегі ең үздік тілдер тобына енгізгісі келетін Алинаға хабарласып, әңгімесін жазып алған едік.

Мектеп табалдырығын аттамай тұрып қазақ тілін үйрендім

Мен Алматы облысы Балқаш ауда­ны­на қарасты Бақанас ауылында дү­ние­ге келгенмін. Ауылда Нұршат және Абай есім­ді құрдастарыммен көрші тұрдым. Ол кез­де қазақша білмеймін, үйдегілердің бәрі орыс­ша сөйлейді. Әлгі екеуінің айтқанын тү­сінбесем де, олармен аулада жиі ой­най­тын­мын. Жаңылыспасам, ол кезде төрт жас­та болсам керек. Бірақ «Осылай айт­қа­ным дұрыс па?» деп олардың айтқанын қай­­­талайтынмын. Олар болса, мені түзеп, бар білгенін үйрететін. Осылайша, мектеп та­балдырығын аттамай тұрып, қазақша сөй­леуді үйрендім. Мектепте 11 жыл бойы орыс сыныбында оқыдым. Сөйте тұра, қазақ тілі мен әдебиетін сүйсініп оқыдым. Сөйтіп, ол тілді толық меңгергендіктен, қазақ ті­лі­нен республикалық олимпиадаларға қа­ты­сып, жүлделі орындар иелендім. Мектеп бі­­­тірген соң Алматыда М.Тынышпаев атын­да­ғы Қазақ көлік және коммуникациялар ака­демиясының қазақ бөліміне оқуға түс­тім. Негізі, орыс бөліміне оқуға түскім кел­ген. Себебі орысшам нашарлап кетті, қазір де нашар. Сондықтан орысшамды жетілдіру мақ­сатында орыс тобында оқуды қаладым. Грант­қа түспесем, ақылы бөлімде оқуым екі­талай еді. Мен ата-әжемнің қолында тәр­биелендім. Ата-анам ертеректе қайтыс бол­ған. Атам мен әжем зейнет жасындағы кі­сілер болғандықтан, оқу ақымды төлеуге қа­ражаты жетпес еді. Қазақ бөліміне оқуға түс­кенімді университетке бірінші күні бар­ғанда бір-ақ білдім. Аудиторияға келсем әр өңір­ден келген қазақтар жиналып отыр екен. Сосын менің басқа ұлт екенімді бай­қа­ған олардың өзара «Алинаға қазақша үй­­­­ретеміз» деген әңгімесін естідім. Бірақ олар менің төрт жасымнан бастап үйрене бас­тағанымды қайдан білсін?! Алғашында олар менің қазақшаға судай екеніме таң­ғал­ды. Әрі мен сөйлегенде әдеби сөздерді көп қосамын. Мұны естіген олар одан сайын таңырқайды. Ондай сөздерді бұрын-соң­ды естімегендерін айтып, жаттап, келесі кү­ні қолданып жүреді.

Қазақстанға еңбегімді сіңіргім келеді

Көпшілік мені орыс ұлтынан деп ойласа ке­рек Бірақ менің әкем – не­міс, ал анам – орыс. Жоғарыда айтып өтке­нім­­дей, туған­нан ата-әжем бауырына салып өсір­­ді. Атам бір жарым жыл бұрын қайтыс бол­­ды. Әжем қа­зір Бақанаста тұрады. 74 жас­­та. Ал «Қазақ ті­лін насихаттауды қолға алуыңызға не түрт­кі болды?» деген сұра­ғыңызға кел­сек, мен оқу­шы кезімнен қазақ­ша сөй­леу, қа­зақ тілін үй­­ретуді бәрінен биік қоя­­тын­мын. Уни­вер­си­тетке түскен соң қа­зақ­­шаны на­сихаттауға де­ген құлшы­ны­сым тіпті арта түс­ті. Қазақ ті­лін үйренемін деу­шілерге өз әдіс­темем бойын­ша үйретіп, нәти­желі жұ­мыс істей бас­тадым. Тұрмыс құрып, дек­рет­тік дема­лыс­қа шыққан соң TikTok желісіне қа­зақ ті­лін тез үйренуге қатысты видеолар тү­сіре бас­тадым. Жеке парақшама аз уа­қыт­тың ішін­де отыз мыңға жуық қолданушы жа­зы­лып, біраз адамның қазақша үйренуіне се­беп­ші болдым. Бірақ кейіннен бұл  width=істі жал­ғастырмай қойдым. Ол кезде мені ба­ғып-қаққан атам дүниеден өтті. Басқа да мә­селелер қажытып жіберді. Ақырында күй­­зеліске қалай түскенімді бай­қамай қал­дым. Сол кезде «Менің елім – менің тілім» рес­­публикалық қозғалысының негізін қа­лаушы, белгілі блогер Яков Федо­ров ша­қы­рып алып «Қазақ тілін үйренгісі келетін адам­дарға өз әдістемеңіз бойынша үйретуге қа­лай қарайсыз? Басқа қалаларға да іс­са­пармен шығып тұрасыз» деп ұсыныс айт­ты. Сол кезде адамдарға керек екенімді, өз­ге­лер­ге әлдебір нәрсені үйрете алатыным­ды, қо­ғамдық жұмыс істей алатынымды тү­сін­дім. Сөйтіп, жұмысқа белсене кірісіп кеттім. Қоз­ғалыс мүшелеріне Алматыда «Сөйле» клу­бын ашуға көмектесіп, қазір онда сабақ бе­ремін. Аллаға шүкір, жұмысы­мыз біз ой­ла­­ғаннан да жақсы жүріп жатыр. Әсірелегенім емес, бірақ мен Қазақ­стан­ға еңбегімді сіңіргім келеді. Жуыр­да 24-ке толатын болсам да, елдің дамуына қандай да бір пайдамды тигізсем дей­мін. Қазақ тілінің мәртебесін асырғым ке­леді. Қазақшаны жетік меңгергісі ке­ле­тін­дерге көмектескім келеді. Қазақстанды биік белестерге жетелегім келеді. Ұлтым неміс бол­ғанмен, ішкі дүнием қазақ. Қалай айт­сам болады?! Қазақтардың менталитеті ме­нің қаныма әбден сіңіп кеткен. Қазақ­тар­дың арасында жүріп кейде ұлтымның неміс еке­нін ұмытып кетемін (күліп). Сосын ай­наға қарап «Ой, түрім қазақ емес екен ғой» деп есіме түсіремін (күліп).

Менің сабағыма 12-85 жас аралығындағы адамдар қатысады

Алматыны қоспағанда, басқа өңірлерден «Сіз­дің сабағыңызға қатысқым келеді», «Біз­ге онлайн форматта сабақ бере аласыз ба? Біздің қалада ашылған клубтың сабағына қа­тысып көрдік, бірақ сіз секілді түсіндіре ал­майды» деп жазатындардың қарасы көп. Мен сабақты қарапайым тілде әрі қызықты етіп жүргізетіндіктен, басқаларға ұнайды деп ойлаймын. Мен алдымен қалай сөйлеуді үйретемін. Сосын сөйлем құрылысын түсін­ді­ремін. Бәлкім, басқа ұлт өкілі болған­дық­тан, маған көбірек қызығатын шығар. Бірақ менен басқа қазақшаға судай басқа ұлт өкілі көп қой. Меніңше, барлығы адамның энер­ге­тикасына байланысты. Өз ісінен ләззат алып, сүйсініп істейтіндерді бірден байқап қо­яды. Сондықтан оларға ергісі келіп, олар се­кілді сүйсініп жұмыс істегісі келеді. Мен сіз­ге бірдеңе айтайын, мектептегі мұға­лім­дердің бәрі мұғалім емес. Нағыз мұғалім деп кімді айтамыз? Нағыз мұғалім деп өз ісін жақ­сы көретін, көп нәрсе білетін, бірақ сол біл­генін іште бұғып қалмай, өзгелерге үй­ре­тетін адамды айтамыз. Ал оқушы деп кім­ді айтамыз? Мектепке барғандардың бар­лығы оқушы емес. Бір нәрсе үйренемін, бірдеңеге қол жеткіземін деп талпынып тұрған адамды оқушы дейміз. Мен – нағыз мұғаліммін. Ал маған келетін үлкенді-кішілі талапкерлер – нағыз оқушылар. Мен апта­сына екі рет, кешкі жетіден тоғызға дейін сабақ жүргіземін. Сабағыма 12-85 жас ара­лы­ғындағы кемі елу адам қатысады. Кейбірі өз балаларын, енді бірі тіпті ата-әжелерін ертіп әкеледі. Әсіресе, 80-85 жастағы әже­лердің қазақ тілін үйренгісі келетінін көріп, көңілің жібіп сала береді. Арамызда қазақ тілін білетін кәсіпкерлер де бар, бірақ олар деңгейін жақсарту үшін тырысып-бағып жүр. Оқушыларымның 2-3 пайызы ғана – шет­елдіктер. Ресейден келген, сабақтан қал­майтын екі-үш орыс бар. Ауғанстаннан кел­ген оқушым бар. Сосын дүнген азаматы бар. Ал қалғандары – осында тұратын өзі­міздің қазақтар, орыстар, кәрістер, украин­дар. Бірақ қазақтар көп, елу пайызын құ­рай­ды. Ал қалған елу пайызы – бір шаңырақ астында тату тұратын өзге ұлттар. Алдыма келген қазақтардан «Қазақ бола тұра, неге қа­зақ тілін білмейсіз?» деп сұрамаймын. Мұ­ны орынсыз сұрақ деп есептеймін. Олар­дан қазақ тілін не мақсатта үйренгісі ке­ле­тінін, мұнда келуіне не түрткі болғанын сұраймын. Қазақтардың дені «Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білмеу – біз үшін ұят нәр­се» десе, кейбіреулері «Айналамызбен қы­­­сылмай, емін-еркін сөйлескіміз келеді» де­генді алға тартады. Екі-үшеуі «Мен өзім – қазақ­пын. Ұлтымның болашағы басқаның емес, менің қолымда ғой. Өзім қолымды кеш сермесем де, ұрпағым көзін ашқаннан-ақ сөйлесе деймін. Олардың басқа арнаға бұрылып кетпей, қазақ болып қалғанын қа­лаймын» деп курсқа келу себебін түсін­діреді. Бұрынғыдай емес, қазір қазақ тілін үйренушілер қатары көбейіп келеді. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың қазақ тіліне қатысты мәселені жиі кө­те­ріп жүргені әрі жұмысқа тұру үшін қа­зақ тілін білуі шарт екені себеп болуы мүм­кін. Әрі ұлтым неміс бола тұра, қазақша ак­центсіз сөйлейтінім көп қазақтың на­мысына тиеді деп ойлаймын. Әлеуметтік же­лі­де қа­зақ­тар «Сіз қазақша жетік білгенде біз­дің білмегеніміз ұят шығар» деп жазады. Бәл­кім, бұл да олардың қазақ тілін үйренуді ер­теңге қалдырмай, бүгіннен бастағанына сеп болған шығар.

«Қазақшаны қалай үйрендің?» деген сұрақтар шаршатып жіберді

Мен қоғамдық жерлерде, таксиге мін­генде қазақша сөйлемеуге ты­ры­самын. Қазақша сөйлей жөнелгенімді көр­ген адамдардың «Қазақшаны қалай үй­рен­дің?», «Акцентің жоқ қой. Ол қалай?» де­ген сұрақтары шаршатып жіберді. Кейде «Сіз осы қазақсыз ба?» деп сұрағанда «Иә, мен – қазақпын» деп құтылып кетемін. Ал кей­бірде ауызы ашылып, сұрақты бірінен соң бірін төпелетіп қойғандарға жынданып «Аға! Біз Қазақстанда тұрып жатырмыз ғой. Қазақ тілін білгеніме несіне таңғаласыз?» деп айтып тастаймын. Сосын әлеуметтік же­­­лідегі жеке парақшама «Құрметті менің оқыр­мандарым! Егер сіз қазақ тілін жақсы біле­тін басқа ұлт өкілін көрсеңіздер, олар­ға «Қай­дан үйрендің? Қалай үй­рендің?» деген сұ­рақтар қой­маңыз­даршы» деп жазып қоя­мын. Бірақ бәрі­бір сонда да сұрайды. Бір қы­зы­ғы, қазір біреумен орысша сөй­лессем, «Сіз орыс емессіз ғой, иә?» деп сұрайды. «Иә» де­сем, «Бәсе, кө­рі­ніп тұр. Орысша біртүрлі сөй­­лейді екенсіз» дейді (күліп). Расында, орыс­­ша акцентпен сөйлеймін. Байқамай ара­сына қазақша әріптерді қосып жіберемін. Қа­зір курстан бөлек, үлкен фирмада кор­поративтік қазақ тілінен сабақ беремін. Әрі қо­сымша аудармашы болып жұмыс істей­мін. Сол кезде орысша мәтінді оқып отыр­ған­да «Мұнда не жазылған?» деп басым қа­та­ды (күліп). Тілім орысша шықса да, орыс­ш­ам қазір нашар.

 width=TikТok қазақ тілін насихаттау құралына айналды

TikTok-та біздің жастардың дені биле­ге­нін, тамақ ішкенін түсіреді. Мен үшін бұл қы­зық емес. Мен парақшамды қолдану­шы­лар­ға пайдасы тисін деген оймен аштым. Ме­нің парақшама кіргенде ойланатын, ойға ба­тыратын әлдене алып кетсін дегенді көз­дедім. Қазір сол бағытта жүріп келе жатыр­мын. Бұған TikTok-тың көмегі көп тиіп жа­­тыр. Расы­мен, TikTok қазақ тілін на­си­хаттау­дың бірден-бір құралына айналды. Қазір психологтер, дәрігерлер де TikTok-қа көш­ті. Осында бар білге­нін ор­таға салып, пай­далы дүниелерді бөлісіп жатыр. Бұрын TikTok десе, тек еріккендер, іске жарамсыз дү­ниелер іс­тейтіндер ғана отыратын секілді елес­теу­ші еді ғой. Ал қазір жағдай басқаша. Мұн­­да пайдалысын да, зияндысын да табуға бо­лады. Ондағы жеке парақшама жа­­зылу­шы­лар саны күн сайын кө­бейіп жатыр. Сүйік­ті ісіммен ай­налысып жүріп, көптің кө­кейіндегісін қалайша дөп басқанымды өзім де бай­қамай қалдым. Достарым: «Сен қа­лай өмір сүріп жатырсың? Танымал бо­лып кет­тің ғой!» деп хабарласады. Оларға «Ай­на­лайын­дар, менде таңғалуға уақыт та жоқ» деймін (күліп). Расымен, оқушы кезім­нен сүйікті ісіммен айналысып келе жатқан мен бұған еш таңғалмаймын. Қазақтарды жақсы көремін. Қазақ тілін жақ­сы көремін. Қазақтардың арасында алаң­сыз өстім. «Қоғам біздің тәрбиемізге әсер етеді» дегенді арагідік естіп қалып жа­та­мын. Расында, менің тәрбиеме әсер еткен ата-әжем емес, қазақ тілі, дәстүрі мен салты сақ­талған үлкен қоғам. Сол қоғамдағы қай­на­ған қазанның ішінде үлкендерге құрмет, кі­шіге ізет көрсетуді, ұлттық құнды­лық­тар­ды құрметтеуді бойымызға сіңіріп өстік. Ме­ні осылай тәрбиелеп шығарған қазақ хал­қына мың алғыс айтамын! Сол қоғамға бар тигізер пайдам – қазақ тілін дамыту. Көп­шілік Еуропаға еліктеп жатқан уақытта қа­зақ тілінің құндылығы кетпесе екен дей­мін. Түгеліміз бірдей еуропаланып кетсек, қа­зақ деген атымыздан не қалады? Мемле­ке­ттік тіліміздің жағдайы не болмақ? Сон­дықтан тілімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді ғасырдан-ғасырға сақтап қалу үшін қазір­ден бастап жұмыс істеуіміз керек. Қазір қа­зақ тілі әлемнің басқа тілдерінен артта қа­лып келе жатыр. Бәріміз жұмылсақ, қазақ ті­лін әлемдегі ең үздік тілдер тобына енгізе ала­тынымызға сенімім мол. Сондықтан ал­дағы уақытта осы мақсатты көздеп, қа­зақ­ша үйретуді жалғастыра беремін. Қазақ­та «Әрекетке – берекет» деген жақсы сөз бар ғой. Әрекет жасап, еңбек етсек, бәрі жақсы бо­латынына кәміл сенемін!

Жазып алған Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ