Халықаралық жарыстың финалына тағы екі қазақ шықты
Мысырдың Александрия қаласында күрес түрлерінен өткен турнирдің финалында қос қазақ белдесті деп хабарлады turkystan.kz.
55 келіде қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Аманғали Бекболатов пен Марлан Мұқашев финалға шығып, Бекболатов 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлде де қазақ палуаны Исхар Құрбаевқа бұйырды.
Халықаралық жарысқа 48 елден 500-ге жуық палуан қатысып жатыр. Турнир 26-ақпанға дейін жалғасады.
Алғашқы жарыс күні ел қоржынына 7 медаль түсті.
Айта кетейік, бұған дейін дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің финалында Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаеваның кездескенін
хабарлаған болатынбыз. Ақтық сында 48 келіде белдескен Әбужақынова алтын алса, Тынбаева күміс медаль еншіледі.