Алматыда студенттердің жаппай төбелескен видеосы тарады

Алматыда студенттердің жаппай төбелескен видеосы тарады

Алматыда студенттердің жаппай төбелескен видеосы тарады
ашық дереккөзі

Алматы қаласында студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Төбелестің нақты себебі әлі анықталмады.  Видео авторының жазуынша, оқиға Сәтпаев университеті жатақханасының жанында болған.

ІІМ-нің мәліметінше, төбелес Алматы қаласы Бостандық ауданында 23 ақпан күні 23:00-де болған.

«Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа жағдайлары анықталып жатыр», - деді полиция.