71 жастағы өнертапқыш шағын цехта түрлі техника шығарады

71 жастағы өнертапқыш шағын цехта түрлі техника шығарады

71 жастағы өнертапқыш шағын цехта түрлі техника шығарады
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сынтас ауы­лының тұрғыны Бейбітшілік Әліқұлов жас­тайы­нан тех­никаның тілін меңгерген. 71 жастағы өнер­тап­қыш бүгінде шағын цех ашып, түрлі ауыл шаруа­шылығы тех­никасын жасап шығарып отыр. Шебердің қо­лынан шық­қан құрылғыларды еліміздегі көптеген шаруа қо­жа­лық­тарынан кездестіруге болады. Іскерлігімен жұртқа танылған шебер өткен ғасырдың 70-жылдары Ресейдегі көлік құрастыру зауытында бес жыл еңбек еткен. Ұжымында үздік атанған ол зауытта жұмыс істей жүріп техника құрастырудың түрлі тәсілін меңгеріпті. Сөйтіп, елге оралған соң осы кәсіпке толығымен бет бұрған.  width=
«Жас кезімнен техникаға қызы­ғып өстім. Электрик болып жұмыс іс­теп жүрген кезде де біраз техни­ка­ның тілін меңгердім. Басында диір­мен­мен халықтың ұнын тартып беріп, нә­пақамды тауып жүретін едім. Кейін мұн­дай кәсіппен айналысатын адам кө­бейіп кетті. Сөйтіп, ойыма түрлі идея келіп, түрлі аппаратты құрас­тыра бастадым. Елге келген соң отбасын құрдым. Бес баламыз өмірге келді. Алай­да 1999 жы­лы жұбайым дүниеден оз­ды. Бұл жағ­дай бізге оңай тиген жоқ. Ол кезде кіш­кентай қызым екінші сы­­­ныпта оқи­тын еді. Өзіме екі есе жауап­кер­ші­лік жүктелгенін сезіндім. Бә­рінен бұ­рын балаларымның бола­ша­ғын ой­ла­дым. Оларды бағып-қағып қана қой­май, жақсы тәрбие мен білім алуына жағ­дай жасауға қолымнан кел­генше ты­рыстым. Өмірімді бала­ла­ры­ма, ең­бекке арнадым. Құдайға шү­кір, ба­ла­ла­рым үмітімді ақтады. Ішінде жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітір­ген­дері де бар. Қыздарымды құт­ты жеріне қон­дырдым, ұлдарым да от­басын құ­рып, бір-бір маман иесі бол­ды. Бәрін ең­бекке үйреттім, спорт­пен айна­лысуы­на да мән бердім. Өйт­ке­ні бұл ер бала үшін маңызды. Қазір не­ме­ре­лерім бар. Үлкен ұлым Жәнібек те тех­никаға әуес, қасымда жұмыс іс­теп жүр», – дей­ді Бейбітшілік Әліқұлов.
 width= Оңтүстік өңірдегі шаруа қожа­лық­тарындағы техниканың дені шебердің шағын цехында жасал­ған. Ауыл шаруашылығына қажетті құрылғыларды еліміздің әр өңірінен келіп сатып алатын диқандар да көп. Олар өнертапқыштың қолынан шық­қан құрылғылар шетелдікінен әлде­қай­да сапалы екенін айтады. Бүгінде темірден түйін түйген ше­бердің шөп турайтын, би­дай, жүгері тартатын, кірпіш құятын ап­параттары шаруалардың қажетіне жа­рап тұр. Мысалы, Бейбітшілік Әлі­құлов­тың өз қолымен жасап шығарған жем тартатын құрылғысы 3-4 тонна дән­ді дақылды 1 сағатта майдалап бе­ре­ді. Әрине, мұның бәрін жинауға бір адам үлгермейтіні анық. Сондық­тан өнертапқыш ұлынан бөлек, қасы­на көмекші жігіттер алып, білгенін үй­ретіп жүр. Жақын ауыл-аймақтан да бірнеше шәкірт тәрбиелепті.  width=
«Жем тартып, шөп турайтын құ­рыл­­­ғылардың, жалпы техниканың өн­діру қуаты күшті болса деймін. Өзі­нің көлемі кішкентай болғанмен, үл­кен көлемдегі затты өндіруге қауқарлы бол­ғаны жақсы. Негізі, өзім токарлық станокты жақсы меңгергенмін. Цехта диір­мендердің тасын жонатын құрыл­ғы да бар. Жақында Италиядан шық­қан жаңа станок алдық. Жұмысымыз са­палы болуы үшін дәнекерлеуші ап­па­раттың әр түрін алғанды жөн көр­дік. Екі жыл бұрын досым «Сен грант ал» деп қалай құжат тапсырудың жо­лын көрсетті. Содан мемлекет тара­пы­нан 5 миллион теңге грантқа ие бо­лып, біраз құрал-жабдық сатып ал­­дық. Әлі де алатын дүниелер бар. Іс­­тей­тін жұмыс көп. Менің жұмысым – бәрін ойдан шы­­ғару. Мұның бәрі еш жер­де сызылмаған, жазылмаған дүниелер. Сон­­­дықтан бұл істе қиялыма ерік бе­ре­­мін. Ойыма түрлі идея келгенде, оны жү­зеге асырғанша асығамын. Не­гізі, тә­­жірибе жасап көруден жалық­пай­тын адаммын. Бірі ұнамай қалса, ойым­­да жүрген екінші идеяны іске асы­­рамын», – дейді шебер.
 width=Бейбітшілік Әліқұловты ша­руа­лар­дан бөлек, техника сататын дү­кен иелері мен базардағылар жақсы та­нып алған. «Қаражатым жетпей қал­са, келесі келгенде бересіз» деп жібере бе­реді», – дейді ол. Еңбегімен елге сыйлы болған өнер­­­­тапқыш-зейнеткер әлі де ха­лыққа қызмет ете беремін дейді. Бү­гінде оның мал азығын майда­лай­тын құрылғысына сұраныс жоғары. Со­нымен қатар егін егетін диқандар да шеберге келіп, ақыл-кеңес сұрап тұ­ра­ды. Шебер енді диқандардың мол өнім алуына мүмкіндік беретін құрыл­ғы жасап жатқанын айтады.
«Қазір, өкінішке қарай еліміз ты­ңайт­­қыш ала алмай жатыр. Көп жұрт Ка­ли­форнияның шылаушынын әке­ліп, со­ны жегізіп, тыңайтқыш жа­сап жат­қанын көріп жүрміз. Грузия, Өз­­­­­бекс­тан­нан әкелетін тыңайт­қыш­тың бәрі­нен сол күшті болып тұр. Бірақ ол жер­де елеп, шашатын техника жоқ. Шаруашылықпен айналысып жүрген адамдардан «Грануляция жасап бер­сеңіз» деген ұсыныс түсіп жатыр. Тыңайтқышты түйіршіктеп, тұқым­мен бірге екпекші. Негізінен, бұл – тиім­ді әдіс. Қазір осыған бас қатырып жат­қан жайым бар. Сондай тех­ни­ка­ның біреуін жасап та қойдым», – дейді Бей­бітшілік Әліқұлов.
 width=Шебер тек техника жасап қой­май, өңірдегі шаруалар­дың жайын біліп отырады. Мал шаруашы­лы­ғын дұрыс жолға қою үшін алдымен оның азығына мән беру қажет екенін жақ­сы білетін ол мал ұстайтын ағайын­ға да қолынан келгенше көмек бе­ріп жүр.
«Өзіміздің облыста, Төрткүл жақ­та­ғы шөлде мал ұстайтын жұрт бар. Олар түйелеріне жантақ береді. Ал жан­­­тақты турамаса, түйе жөнді же­мей­ді. Одан кейін тұрғындар жүгері­нің собығын алады да, паясын не іс­тей­тінін білмей отыр. Шаруаларға со­ның бәрін турайтын құрылғы істеп бе­ріп жатырмын. Мұндай құрылғыны, әсі­ресе Ақтау, Атыраудан көп алады. Тағы бір айта кететін дүние, оң­­­­­түстікте былтыр алма жақ­сы өнім берді. Бірақ, өкінішке қарай көбі шіріп қалып кетті. Ешкім ештеңе іс­тей алмады. Тіпті, сата алмай қалды. Өйт­кені көлемі өте көп еді. Осы жағ­дай біраз ойландырды. Тұрғындар да көл-көсір өнім босқа шіріп кеткеніне алаңдап, маған ұсыныс айта бастады. Енді бір машина алманы бір сағатта турайтын аппарат жасап шығар­мақ­шы­мын. Құрылғының көмегімен ал­маны турап, кептіріп, алмақақ жа­с­а­лы­нады. Әскерде соны жедік қой», – дей­ді өнертапқыш.

«Ел құлағы – елу» демекші, тың идея­сымен, еңбекқорлығымен жұртқа та­нылған шебер туралы ауыл әкімдері де естіп, цехына келіп, жұмысын көріп кет­кен. Алайда атқамінерлер оның та­лай жылғы еңбегін елеп, ауыл, аудан, об­лыс көлеміндегі бірде-бір марапатқа ұсын­баған. Тіпті, көбі барып жатқан ши­пажайға жолдама алу үшін үш ай жү­гіріп сол күйі бара алмапты. Ауылды көркейтіп, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, ауыл шаруашылы­ғы­ның дамуына үлес қосып отырған осын­­дай іскер адамдар емес пе?..

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ