Жаңалықтар

Дәрігерлер «3 ай ғана өмірі қалды» деген Арай обырды қалай жеңді?

ашық дереккөзі

Дәрігерлер «3 ай ғана өмірі қалды» деген Арай обырды қалай жеңді?

Кейінгі кезде онкологиялық ау­ру­лардың түрі мен оған шалдық­қан­дар саны көбейіп бара жатқаны айтылып жүр. Елімізде жыл сайын шамамен 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікпен ауырады екен. Онколог-дәрігерлер дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтын ұстанып, ауру­дың алдын алуға болады десе, дертті жеңіп шыққан жандардың өз айтары бар. Бүгінгі кейіпкеріміз Арай Жүнісова өмірге құштар қасиеті мен жігерінің арқасында басына түскен қиындыққа мойымай, ке­рісінше өмірін жақсы арнаға бұруға ты­рысқан. Әуел бастағы сенімім ақталды – Әңгімемізді қатерлі дерт ту­ралы диагноз қашан қойыл­ға­нынан бастасақ. Ол сәттерді еске алу оңай емес екенін түсінемін. Де­­­генмен сол қиындықты еңсере білген ерік-жігеріңіз біраз жан­ның үмітін жағар еді. – Студент атанған уақыт жастық шақ­тың ең керемет сәттері ғой. Бі­реу­лер үшін бұл қайтып оралмайтын ба­қытты кезең шығар. Ал мен үшін төрт қабырғаға телміріп, төсекке таңыл­ған сәт еді. Қатерлі дерт туралы диагноз босанғаннан кейін жиырма бір жасымда аяқастынан қойылды. Тоғыз айлық қызымды емізіп отыр­ғанда баланың мұрнынан қан кетті. Қорқып, бірден ауруханаға апардым. «Сүт бұзылған. Аяғыңыз ауыр екен, содан» деді. Ылғи жайсыз түс көріп, ішім ауырып жүргенін үйдегілерге жиі айтатынмын. Одан кейін енем ұшықтап қояды. «Екіншісі осылай бо­лады» деп басу айтады. Іштей се­нің­кіремеймін. Алайда дәрігерлердің айтқаны дұрыс шығар деп те ойлай­мын. Арада жеті ай өткенде ішім қат­ты үлкейді. Тұрсам, жүрсем, ауырады. Со­дан жылына бір келетін УДЗ-ға түсе­тін уақыт та келіп, тексерілдім. «Сіз­де бала жоқ» деді. Сасқанымнан «Сон­да ішімдегі не?» деп сұрадым. «Ішіңізде су мен ірің бар. Сізді он­ко­ло­гияға жатқызу керек» дейді. Не іс­терімді білмей қалдым. Үйге келіп, жағ­дайды баяндағанда ешкім жылы қа­былдамады. Содан қызымды алып, төр­кінге келдім. Аудандық ауруханалар жауапкер­ші­лік алудан бас тартып, қалалық он­­кология орталығына жіберді. Дәрі­гер­лер «Жағдайы нашар, ештеңе іс­тей алмаймыз. Үш ай ғана өмірі қал­­­­ды» деді. Бұл сөзге бәрі сенді. Өзім ғана сен­бедім. Қанша қиналып жатсам да, мүл­де қорқыныш болмады. Сол сәтте са­намда «Мен неге бірнеше тілді мең­гердім?», «Қызымды не үшін өмірге әкел­дім?» деген сұрақ тұрды. Жаман аурудың түр-түрін айтып, жі­бермеген жері, ішпеген дәрі, құйма­ған химиясы қалмаған шығар. Содан ша­шымның бәрі түсіп қалды. Қатты арық­тап, салмағым 25 келі болды. Жа­қындарым мені емдету үшін хрус­таль стақандарға дейін сатты. Тағдырым – менің стилисім – Алматыдай үл­кен қаладан кәсіп ашу оңай болмаған шығар. Шет­елден үйренген массаж тех­никасын ел тұрғындары қалай қабылдады? – «Біз не істейтінімізді білеміз. Не боларын Құдай біледі» дейді ғой. Шал­ғайда білім іздеп Қытайды, одан ары Тайландты кезіп, массаждың оқуын оқыдым. Алғашында тамағын ұнат­пай, жолын таппай адасып, та­лай қаржының «басына су құйдым» (күліп). Қытай қыздарының массаж жа­сағаны ұнады. Бірақ тілін түсіну қиындау бол­ды. Олардың орысшасын білесіздер. Түсінбеген нәрсені қайта-қайта сұ­раймын. Қолымда адам денесіндегі нүктелер көрсетілген мүсін бар. Со­ны қуыршақтай құшақтап, таң ат­қан­ша жаттап шығамын. Қолым мен көзім үйренсін деп әб­ден массаж жасаймын. Елге келіп, кәсіпті бірден бастап ке­ту оңай болмады. Біздің елде бұл са­ла енді дамып келеді. Алғашында мас­саж жасайтын бір апайға арен­дасын төлеп, көмектесіп жүретінмін. Бір күні қарасам, оның да жағдайы мәз емес, клиент аз. «Жұмыла көтер­ген жүк жеңіл» деп бірге жұмыс іс­тей­тін болып келістік. Содан жар­на­ма беріп, адам көбейе бастады. Үлгер­ме­ген соң жанына массажист алды. Екі адам жасайды. Ал мен қарап оты­рамын. «Тәжірибең жоқ» деп жо­латпайды. Сөйтіп жүріп 2 миллион тап­тық қой. «Енді үшеуіміз бөлісеміз» десем, «Сен не істедің? Массаж жаса­ған біз. Бөліспейміз» дейді. Жарнама жа­сап, қаржы салып, клиент тапқа­нымда шаруасы жоқ. Алайда тапқан ақша менде еді. Содан не істерімді білмей, ойланып, біраз басым қатты. Ақыры эмоцияға беріліп, ақшаның бәрін әкеліп бере салдым. Сөйтіп, тағы көк тиынсыз қалдым. Осыдан кейін жеке кәсіп бастауға бел будым. – Шаш үлгіңіз ерекше, адам на­зарын бірден аудартады. Бұл сти­льді өзіңіз ойлап таптыңыз ба? – Онкология деген диагноз қойы­лып, екі есе дозамен химия сал­ғаннан кейін қатты арықтап, шашым тү­сіп қалды. Бір жылдан кейін үйге шыққанда шашым әр жерінен бір шығатын болды. Шықса да, қайтадан түсіп қалады. Көрген жұрттың бәрі ма­­ған жаны ашып, біртүрлі қарай бас­­тады. Өзіме басқаша назар аудар­ға­нын қаладым. Өріп, әртүрлі шаш үл­гісін жасап жүрдім. Сұраған адам­дар­ға «Стилім сондай» деп айтамын. Бір­де басымның шаш шықпаған же­рін одан сайын қырып тастадым. Аса үйлеспесе де, екінші жағын да алып, ортадағы шашты өріп қойдым. Массаж жасайтын кезде от жағып терлейтін басыма бұл таптырмас стиль болды. Уақыт өте келе осындай образ қа­лыптасты. Әу баста жұртқа ерсі кө­рін­генімен, қазіргі мамандығыма сай келеді. Киімді өзім таңдап, үйлес­ті­ріп киемін. Қазір де «Стилисіңіз кім?» деп сұрайтындар бар. «Тағды­рым – менің стилисім» деп айтамын. Психологтердің «Адамның сырт­­қы келбеті ішкі дүниесінен ха­бар береді» деген сөзімен келіспеймін. Менің ішкі әлемім мен адамдық қа­сиеттерімді, қазақы болмысымды бір шүберек көрсете алмайды. Аурудың көбі – ойдан – Қазір психологиялық ст­ресс, депрессия деген терминдер жиі ай­тылады. Бұған сіздің көз­қара­сыңыз қалай? – Стресс, яғни күйзеліс деген – қиын немесе қауіпті жағдайда күре­сетін табиғи реакция. Оның екі түрі бо­лады: пайдалы және пайдасыз. Пай­далы түрі сізді бірден әрекет ету­ге жетелеп, мақсатқа жетесіз. Ал шек­тен тыс ұзаққа созылған стрестің зия­ны бар. Өйткені ағза үнемі дабыл қағу күйінде болса, бұл адамды со­зыл­малы ауруға немесе ақыл-естің ал­жасуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал депрессия деген – тез ашулану. Бұл – тілегіміз бен мүмкіндігіміздің сай кел­меуі. Бір сөзбен айтқанда, өзіңе берілген мүмкіндікті қабылдамау. – Дана халқымыз «Ауру – ас­тан» десе, заманауи психосо­ма­тика «Көп аурудың бастауы – ми­да» дейді. Расында, қазір ауыр­май­тын адамды кездестіру қиын. Сіз қай нұсқамен келісер едіңіз? – Халқымыздың «Ауру – астан» де­­­­ген сөзін жоққа шығаруға болмас. Пси­хосоматиканы да өтірік деп айта ал­маймыз. Өйткені ол да зерттелген ғы­лым. Меніңше, ауру көбіне ойдан пай­да болады. Адам ойы арқылы ау­ру­ды өзіне тартуы мүмкін. Қазір неге көп адамға дәрі әсер етпейді? Бұл адам­ның көп дүниені ойдан құрас­ты­рып алып, өз ойына өзі шырмалып жүруінен деп ойлаймын. Бұл физика­лық тұрғыдан ауыр жұмыс істегеннен емес, өзінің ойынан. Сондықтан ішкі күйіңе мән беріп, жақсы ойда болу керек. «Тұқым қуалаған ауру» деп жа­тады. Тұқымыңда біреу ауырса, сен де ауырасың деген сөз емес қой. Өз­геге жақсылық тілесең, өзіңе қай­тады. Сосын адам ар-ұяты қысқан кез­­­­де ауру болады.