СҚО-да полиция генерал-майоры Берік Біләлов ұсталды

СҚО-да полиция генерал-майоры Берік Біләлов ұсталды

СҚО-да полиция генерал-майоры Берік Біләлов ұсталды
ашық дереккөзі
Бұрын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған (ҚАЖД) Берік Біләлов ұсталды деп хабарлады turkystanz.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. Бұл туралы ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөзі растаған. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Біләлов ресми түрде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы болып тағайындалмаған, ол тек бірнеше ай департамент басшысының міндетін атқарған. Сонымен бірге комитет СҚО-ға Біләлов екі айға іссапарға жіберілгенін және бір апта бұрын ол жақтан қайтып келгенін мәлім етті. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қазіргі таңда Біләловтің ұсталғанын растап отыр. Айта кетейік, СҚО бойынша ҚАЖД басшысының м.а. қызметіне Берік Біләлов 2022 жылдың қараша айында, колонияда бір тұтқын екіншісін мерт қылған жағдай орын алғаннан кейін тағайындалған еді. Экс-бастыққа нақты қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша, әңгіме шамамен 40 млн теңге көлеміндегі пара туралы болып отыр.