Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияда тағы да жер сілкінді
ашық дереккөзі
Түркияның Хатай қаласында Дефне ауылының маңында 5 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы 9,76 шақырым тереңдікте болған деп хабарлады turkystan.kz  Анадолы басылымына сілтеме жасап. Қала губернаторы Рахми Доган зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
«Жер сілкінісі салдарынан бұрын зақымданған бірнеше ғимараттың қирауынан басқа айтарлықтай жағдай жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, қирандылар астында қалғандар жоқ», - деп келтіреді Сабах газеті губернатордың сөзін.
Оның айтуынша, жасақтар жер сілкінісінен кейін провинцияны зерттеп-тексеруді жалғастырып жатыр.