Жаңалықтар

БҚО-дағы тікұшақ апаты: аман қалғандарды құтқару сәтінен фото жарияланды

ашық дереккөзі

БҚО-дағы тікұшақ апаты: аман қалғандарды құтқару сәтінен фото жарияланды

БҚО-дағы тікұшақтың қатты екпінмен қонуы салдарынан аман қалғандарды құтқарып жатқан кездің фотолары жарияланды. Cурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Еске салсақ, 23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. Оқыс оқиға сағат 16:05-те болған. «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.