БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонып, 4 адам қаза тапты

БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонып, 4 адам қаза тапты

БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонып, 4 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен. Азаматтық авиация комитеті тікұшақ қатты қонған кезде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады», - деп хабарлады комитет.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бортта болған 6 адамның бесеуі - экипаж мүшелері, бірі - «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі. Қаза болған 4 адамның барлығы - экипаж мүшелері, ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері. Айта кетейік, оқыс оқиға сағат 16:05-те болған. «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.