«Журналист - билік пен халық арасындағы алтын көпір демей ме?! Сондықтан тұрғындар тарапынан көптеген түйіткілді мәселелер айтылады. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасы осындай халықтан түскен ұсыныстар негізінде дайындалған. Облыста білім саласын қаржыландыру көлемі жылдан-жылға артып келеді. Апатты және үш аусымды мектеп мәселелерінің оң шешімін табуы, білім беру нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және материалдық техникалық базасын нығайтуда партияның бағыты айқын», - деді үміткер Айсұлу Қасымова.Ал үміткер Нұрбол Аппазов «AMANAT» партиясы бағдарламасындағы кадрлар тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарды жеткізді. Білім саласының өкілдері сайлауалды бағдарламаның өздеріне қатысты тұстарын пысықтап, өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде жалақы, сапалы білім секілді тақырыптарға қатысты сұрақтар қойып, үміткерлердің жауаптарын алды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді