Жаңалықтар

СҚО-да үміткерлер жастармен және білім беру өкілдерімен кездесу өткізді

ашық дереккөзі

СҚО-да үміткерлер жастармен және білім беру өкілдерімен кездесу өткізді

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ерлан Тоқшылық және Фариза Мұқанова педагогтар мен жастарға «AMANAT» партиясының алдағы 5 жылға арналған жоспарлары туралы айтты. Кездесу жанды форматта өтті. Үміткерлер жастарды қолдау үшін «AMANAT» партиясы оларды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй мәселелерін шешуге ықпал ететіндігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мысалы, партия жоспарындағы «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобасына кемінде 729 жас  қатысуда. Тағы бір қызықты бағыт – жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде жылдық 2,5% жеңілдікпен кредит беру. Кандидат Ерлан Тоқшылық «AMANAT» партиясы барлық уақытта сайлаушылардың мәселелерін шешкенін атап өтті. Бұл үшін жақсы құрал - қоғамдық қабылдау бөлмесі. «Қоғамдық қабылдау бөлмелері үнемі жұмыс істейді, азаматтардың әрбір мәселесі шешіледі, мұқият қаралады. Сіздер мұның бәрін білесіздер. Біз ешқашан көмекке келген адамдарды жалғыз қалдырған емеспіз. Сіздер дәл қазір өтініш жаза аласыздар, өз идеяларыңызды ұсына аласыздар, әр ұсыныс қарастырылады», - деді Ерлан Тоқшылық. Қатысушылар тұрғын үймен қамтамасыз ету тақырыбына ерекше назар аударды. Бұл мәселе тек жас мамандар үшін ғана емес, аға буын үшін де өзекті.