«18 секундта» өтінім беріп үлгерген 195 адам көлік алды

«18 секундта» өтінім беріп үлгерген 195 адам көлік алды

«18 секундта» өтінім беріп үлгерген 195 адам көлік алды
ашық дереккөзі
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының аралық қорытындысын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Естеріңізге сала кетсек, 6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдікпен автокредит беретін бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінді. Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңгеге 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны - 761 адам). Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 млрд теңгеге автомобиль берілді. Қарыздың орташа мөлшері - 8,7 млн теңге. Өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуі тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулға бағытталады.