Жаңалықтар

Адамдар неліктен көзін уқалағаннан кейін «жұлдыздарды» көреді?

ашық дереккөзі

Адамдар неліктен көзін уқалағаннан кейін «жұлдыздарды» көреді?

Көзімізді уқалағаннан кейін кейде көз алдымызда қозғалып тұрған «жұлдыздар» мен кішкентай жарық нүктелерді көретінімізді байқаған боларсыз? Тіпті, сол сәтте көзімізді жұмсақ та, біз оларды көре береміз. Неліктен бұлай болады? Өздеріңіз білетіндей, адамның көзі электромагниттік сәулеленуді қабылдағыш келеді. Торлы қабыққа түсетін жарық миға енетін электрлік импульстарға айналып, оны кескін ретінде түсіндіреді. Бірақ адамның көз алдында болатын визуалды бейнелер сыртқы әсерден ғана емес, сонымен қатар ішкі көріністерден де туындауы мүмкін. Оны ғылымда фосфендер деп атайды. Фосфендер дегеніміз сол – біз кейде көретін жарқыраған жұлдыздар, нүктелер мен фигуралар. Олар визуалды жүйеге механикалық әсер етуден немесе визуалды қабылдауға жауап беретін ми аймақтарының қатты қозуынан туындауы мүмкін. Мысалы, көзімізді қолымызбен жапқанда не болады? Біз көздің торлы қабығында орналасқан рецепторларға тікелей сигнал береміз. Нәтижесінде визуалды фантомдар пайда болады. Сол аралықта рецепторлар миға біраз уақыт қате ақпарат жіберіп, көзімізді ашқанда да, жұмғанда да жұлдыздарды көреміз. Механикалық әсерден туындаған фосфендер адамға зиян тигізбейді. Алайда ешқандай себепсіз көз алдыңызда «жұлдызшаларды» көре берсеңіз, дереу дәрігерге қаралуыңыз керек. Бұл көру жүйесінің ғана емес, ми ауруының да белгілері болуы мүмкін.