Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды

Ақтөбе облысында бірнеше автокөліктің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 23 ақпан күні Самара–Шымкент автожолында, Маржанбұлақ ауылының маңында 11 автокөлік соқтығысты. Алдын ала ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы нашар көріну салдарынан болған. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.